Алматы облысында қоқыс полигонында өрт шықты

/
Алматы облысында қоқыс полигонында өрт шықты
t.me/qr_tjm

Алматы облысының Жамбыл ауданында, Ұзынағаш ауылының шыға берісіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полигонның кейбір бөліктерінде қалдықтардың тереңдігі 3-5 метрге дейін жетеді. Бұл жағдай өртті толық сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

Өрт сөндірушілерге су арнайы техникамен жеткізілуде. Жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін бульдозерлердің көмегімен жанбаған қалдықтар өрт ошағынан оқшауланып жатыр.

Сонымен қатар тиегіштер мен самосвалдар арқылы қалдықтарды басқа жерге көшіру және оларды инертті материалдармен жабу жұмыстары жүргізілуде.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ-нің 28237 әскери бөлімінен барлығы 33 адам және 22 техника жұмылдырылған.

Ведомствоның хабарлауынша, өрт 500 шаршы метр аумақта оқшауланды. Қазіргі уақытта оны толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар