"Жүрегімнің тыныштығы мен тірегі": Айгүл Иманбаева жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

/
"Жүрегімнің тыныштығы мен тірегі": Айгүл Иманбаева жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады
ашық дереккөзден

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайын туған күнімен құттықтап, оған арнаған әсерлі жазбасын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі күйеуімен бірге түскен суреттерін бөлісіп, оның өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті.

"Жаным, туған күніңмен! Сенің өмірімде барың – маған берілген ең үлкен сый, жүрегімнің тыныштығы мен тірегім. Отбасымыздың берекесі мен асқар таудай тірегі болып, әрдайым аман жүрші. Армандарың мен мақсаттарың биіктеп, әр қадамың сәттілікке толсын", – деп жазды әнші.

Айгүл Иманбаева жазбасында жұбайын әрдайым қолдайтынын және оған деген сезімінің ерекше екенін де жеткізді.

"Әрқашан күліп, жарқырап жүре бер. Мен сені әрдайым шексіз сүйемін және барлық бастамаңа тірекпін", – деді ол.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптының суреттеріне жылы пікір қалдырып, отбасына бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар