Азия ойындарының ашылуында Қазақстан туын Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова алып шығады

/
Азия ойындарының ашылуында Қазақстан туын Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова алып шығады
Сали Сабиров / ҰОК

Жапонияда өтетін ХХ Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисшісі Сарвиноз Миркадирова алып шығады, деп жазады turkystan.kz.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған Елдос Сметов Азия ойындарында мемлекеттік туды алып шығу өзі үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік екенін айтты.

"Бүгін мен үшін тарихи күн. ХХ Жазғы Азия ойындарында көк туды ұстап шығу мәртебесі маған бұйырып тұр. Мұндай сәт менде бірінші рет. Мұның артында үлкен жауапкершілік пен елдің сенімі бар. Осы ойында бар күшімді салуға уәде беремін", – деді спортшы.

Елдос Сметов – Париж Олимпиадасының чемпионы, Рио және Токио Олимпиадаларының жүлдегері, сондай-ақ дзюдодан әлем чемпионы.

Ал Сарвиноз Миркадирова – үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші спортшыларының бірі және халықаралық жарыстардың жүлдегері.

ХХ Жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар