Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде қатарынан екінші жеңіске қол жеткізді

/
Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде қатарынан екінші жеңіске қол жеткізді
Michal Walusza / Norway Chess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанда өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің тоғызыншы турында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

FYERS American Gambits командасының намысын қорғап жүрген Асаубаева әйелдер тақтасында Үндістан өкілі Дивья Дешмухпен кездесті. Қазақстандық шахматшы қарсыласын сенімді түрде жеңіп, 4:0 есебімен басым түсті.

Алайда Бибісара Асаубаеваның жеке жеңісі командасының жалпы нәтижесіне жеткіліксіз болды. Параллель өткен партияларда өзбекстандық Жавохир Синдаров әлемдік рейтинг көшбасшысы Магнус Карлсеннен 0:3 есебімен ұтылса, Даниил Дубов Видит Гуджратиге дәл сондай есеппен жол берді.

Нәтижесінде Alpine APL Pipers командасы FYERS American Gambits ұжымын 9:7 есебімен жеңді.

Бұл Бибісара Асаубаеваның турнирдегі қатарынан екінші жеке жеңісі болды. Бұған дейін сегізінші турда ол Полина Шувалованы ұтқан.

Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирі Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатыр. Жарыс 13 қыркүйекте финалдық матчтармен аяқталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар