Құс тұмауы: Министрлік індеттің таралуы тоқтаған өңірлерді атады

Құс тұмауы: Министрлік індеттің таралуы тоқтаған өңірлерді атады

Құс тұмауы: Министрлік індеттің таралуы тоқтаған өңірлерді атады
ашық дереккөзі
Еліміздің төрт өңірінде, атап айтқанда, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында үй құстарының құс тұмауынан қырылу жағдайы тоқтады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау департаментінің басшысы міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді. Тұрсын Қабдолдановтың айтуынша, СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында да құстардың қырылу деректері азайып келеді. Жалпы, құс өлімі Қазақстанның 7 облысының 41 ауданының 99 елдімекенінде тіркелген. Қырылған 588 мың тауық көміліп, есепке алынған. Бірақ ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау департаментінің анықтауынша, оның ішінде  құс тұмауынан өлгендері – 329 651 бас. Тұрсын Қабдолданов өтемақы тек індеттен қырылған құстар үшін төленетінін ескертті. Ал табиғи шығын үшін мемлекет тұрғындарға ақы төлемейді.