Нұрлан Сабуровтың әйелі күйеуінің артынан Қазақстанға көшіп келді (ФОТО)

/
Нұрлан Сабуровтың әйелі күйеуінің артынан Қазақстанға көшіп келді (ФОТО)
ашық дереккөзден

Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың жұбайы Диана Сабурова Instagram желісіндегі жеке парақшасында Алматыға көшкенін хабарлады. Ол енді мегаполисте тұрақты тұратынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Диана Сабурова Instagram stories-те оқырмандарының Алматыда жүргеніне қатысты сұрағына жауап берді.

"Көп адам сұрап жатыр: мен мұнда қонаққа келдім бе, әлде?.. Мен енді Алматыда тұрақтадым", – деп жазды Диана Сабурова.

Осыдан кейін ол Нұрлан Сабуровпен бірге жаттығу залында түскен суретін де жариялады.

Айта кетейік, биыл ақпан айында әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Ресейге кіруіне 50 жылға тыйым салынғаны белгілі болған еді. Сол кезде оның Дубайдан ұшып келгеннен кейін Мәскеудегі Внуково әуежайында ұсталғаны хабарланған. Кейін әзілкеш Алматыға ұшып кеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар