Кімдерге велосипед тебуге болмайды?

/
Кімдерге велосипед тебуге болмайды?
сурет: istockphoto.com

Велосипед тебу буынға салмақты аз түсіретін спорт түрі болғандықтан, артық салмағы бар немесе буын ауруларынан зардап шегетін адамдарға пайдалы. Бұл туралы фитнес сарапшысы, «Лапино Фитнес» клубының тең иесі Эмиль Халимов айтты, деп хабарлайды turkystan.kz health.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, велосипед жүгіруге қарағанда тізе мен тобыққа аз күш түсіреді. Себебі дене салмағының негізгі бөлігі ер-тоқымға түседі. Сонымен қатар мұндай жаттығу жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң әсер етіп, төзімділікті арттыруға және салмақты бақылауға көмектеседі. Сондай-ақ дәрігерлер тізе операциясынан кейін науқастарды жиі велотренажерге отырғызады. Айналмалы қозғалыс буынның қозғалыс ауқымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Дегенмен сарапшы велосипед тебудің кері әсерлері де бар екенін ескертті. Ұзақ уақыт велосипед тебу ер адамдарда қуық асты безі ауруларының қаупін арттыруы мүмкін. Мұндай жағдайда анатомиялық ертоқым мен дұрыс отыру маңызды рөл атқарады.

Бұдан бөлек, омыртқа жарығының асқынған түрі бар адамдарға, жүрек ауруы күшейген кезде, бақылаусыз гипертонияда, ауыр операциядан кейін және вестибулярлық аппаратында ақауы бар жандарға дәрігермен кеңеспей велосипед тебуге болмайды.

Маманның айтуынша, рульдің дұрыс қойылмауы уақыт өте келе мойын мен білекке артық күш түсіріп, қосымша мәселелер туындатуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар