"Содан бері 25 жыл өтті": Бағлан Әбдірайымов әнші Мақсат Базарбай туралы шындықты айтты

/
"Содан бері 25 жыл өтті": Бағлан Әбдірайымов әнші Мақсат Базарбай туралы шындықты айтты
ашық дереккөзден

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов әріптесі Мақсат Базарбайға жылы лебізін арнап, оның өнері бала кезінен ерекше әсер қалдырғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Мақсат Базарбайдың әндерін алғаш рет бала күнінде тыңдағанын еске алды. Оның сөзінше, сол сәттер әлі күнге дейін жадында сақталған.

"2000-2001 жылдары бала күнімде Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов мәдениет үйіне "Бауыржан шоу" ұжымымен бірге келіп, сахнада домбырамен "Сыған серенадасы" мен "Алқалы жұртым" әндерін орындағаны әлі күнге дейін есімде. Сол сәттер бала жүрегіме өшпестей із қалдырған. Кейін "МузАРТ" тобымен шырқаған әндерін тыңдап өстік. Даусындағы әсемдік пен орындау шеберлігіне тәнті болып, партияларын айнытпай салуға тырысқан кездеріміз де болды. Бір сөзбен айтқанда, еліктеп өскен әншілеріміздің бірі", – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Әнші арада 25 жылға жуық уақыт өтсе де, сол кездегі әсер әлі де ұмытылмағанын жеткізді.

"Міне, арада 25 жвлдай уақыт өтсе де, сол күндер кешегідей әсер береді. Маке, қартаймаңыз! Жібек үніңіз елдің жүрегінен орын таба берсін. Сахналық ғұмырыңыз ұзақ та баянды болсын! Халықтың ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіз!" – деді ол.

Желі қолданушылары да Бағлан Әбдірайымовтың жазбасына қолдау білдіріп, Мақсат Базарбайдың қазақ эстрадасындағы орны ерекше екенін жазды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар