«Хабар» телеарнасының директоры ауысты

«Хабар» телеарнасының директоры ауысты

«Хабар» телеарнасының директоры ауысты
ашық дереккөзі
«Хабар» телеарнасы директоры қызметіне Динара Асқарқызы Бисембина  тағайындалды.  Динара Асқарқызы Бисембина 1983 жылы дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетінің экономикалық журналистика және жарнама кафедрасында оқыған. Кәсіби қызметін Астана қаласындағы «Литер» газетінің тілшісі ретінде бастады. 2015-2017 жылдар аралығында «Хабар» агенттігінде қызмет істеген. 2017 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі болған.