Қоқыс жинау арқылы жанымның жарасын емдедім – Үш рет ажырасқан келіншек

/
Қоқыс жинау арқылы жанымның жарасын емдедім – Үш рет ажырасқан келіншек
коллаж :turkystan.kz

Әлеуметтік желіде Алматылық тұрғын Кербез Егінбаева ажырасудан кейінгі күйзелістен қалай арылғанын айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Кербез Егінбаева қоқыс жинау арқылы артық ойлардан аулақ болатынын айтты. Үш рет ажырасқан келіншек қазіргі бұл хоббиін едуәуір қолға алғаны жайлы сөз етті.

«Үшінші ажырасудан кейін терең депрессияға түсіп, өмір мен өлімнің арасында қалдым. Сол кезде қоқыс жинауды бастап, жанымды емдей бастадым. Сол сәттен бастап мен өмірдің шынайы мәнін түсіндім. Мақсат табу үшін үлкен істер жасаудың қажеті жоқ. Кейде қарапайым, бірақ жүректен шыққан әрекет адамның жанына тыныштық, өміріне мағына сыйлайды екен.

Мен үшін қоқыс жинау — тек тазалық емес, бұл менің рухани қайта тууым, ішкі жараларымды емдеу жолы. Қазір мен бұл істен өз өмірімнің мағынасын таптым», - дейді Кербез Егінбаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары