«Шаш ағарып, салмақ қосылды»: Дана Нұржігіт он жылда қалай өзгергені жайлы айтты

/
«Шаш ағарып, салмақ қосылды»: Дана Нұржігіт он жылда қалай өзгергені жайлы айтты
коллаж :turkystan.kz

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт он жыл бұрынғы суретін жария етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Тележүргізуші Астана қаласына көшіп келгеннен кейінгі өзгерісі жайлы айтты.

«Құрбым, өзіме айтқанды саған да айтамын! Тыңдашы! Мынау 2015 жылғы фото. Астанаға көшкен жылым. Бұдан бері көп нәрсе өзгерді. Шаш та ағарды, салмақ та қосылды, жүйке де жұқарды, қателік те көп болды, денсаулық бұрынғыдай емес…

Осылай да айтуға болады! Бірақ…бұл сөздер саған  жігер беріп, ертеңге деген сеніміңді бекем етуге септігі бар ма? Жоқ! Олай болса, айтпа! Миыңды әдемілікті көруге, жақсы сөз айтып, жақсылықты ғана көруге үйрет! Жамандық онсыз да жетіп жатыр! Одан да өзіңді орныңнан тұрғызатын, өмірді сүюге талпындыратын сөзбен қуаттандыр! Ал, қайта баста, кәнеки!», - деді Дана Нұржігіт.

Танымал тележүргізуші қиындықтарға мойымай өмірін қолына алғанын алға тартты.

« Баламды өсірдім, әкесімен жүздестірдім, сотта жеңіске жеттім, сынақтан өттім, өзімді өзім қолға алып, спортқа бет бұрдым, YouTube арна аштым, өз шеберханамды жүргіземін, кітап жазып жатырмын…тағы не? А! Кеше өмірімде бірінші рет үстіме тырысқан спорт киім киіп видео жаздым, ол да бар айтпақшы! Ас, ұйқы дегенде де, адамдармен қарым-қатынаста да сапаны таңдайтын болдым. Формаға емес, мазмұнға мән бер! Мәңгіліктің өлшемінде бәрі тозаң. Дәл қазіргі сәттен ләззат тауып үйрен, құрбым! Батыл бол! Бақытты бол!», - деді ол

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары