Қисық таяқтың екі ұшы

Қисық таяқтың екі ұшы

Қисық таяқтың екі ұшы
ашық дереккөзі
Бүгінгі таңда ғаламтор адамдардың ажырамас серігіне айналды. Дамыған техника заманында қоғамды компьютер, телефонсыз елестету мүмкін емес. Әлеуметтік желіге еңкейген қариядан бастап еңбектеген балаға дейін кіреді.  Сол  желінің беріп жатқан  тәрбиесі қандай? Әрине, барлығымызда дерлік ұялы телефон бар. Бір-бірімізбен смс немесе ммс хабарлама жазу арқылы ақпарат алмасамыз. «Айшылық алыс жерлерден жылдам  хабар алатын» таптырмас мүмкіндік. Бұл адамдарды бір-бірімен байланыстыратын құрал ғана  емес, сонымен қатар қазіргі жастардың сөйлеу мәдениетінің дәрежесі де болып отыр. Бұрынғыдай кітапхана аралап,газет ақтарғанның орнына,қажет болған ақпаратты ұялы телефоннан алып,күнделікті сабақты да осыдан қарай саламыз.Тіпті киім,тамақ тағы да басқа заттарға тапсырыс бере аласың. Таяқтың екі ұшы болады дейді ғой. Интернеттің тек жақсы жағын ғана алып жатырмыз деп айтуға да келмейді. Пайдасымен қатар зияны да бар екенін ескерген жөн. Статистикаға сүйенсек, интернет қолданушыларының 10 пайызға жуығы ғаламторға тәуелді. Оңтүстік Корея, Қытай, Тайваньда  ғаламорға тәуелділік күн санап артып келеді.            Интернет пайдаланушылардың көп бөлігі балалар мен жастар.   Оның зияны мұнымен шектелмейді. Телефон, компьютер алдында ұзақ уақыт отыру адам денсаулығына кесірін тигізеді. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Оған әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдердің арасында  тараған «Синий кит» сияқты қауіпті ойындар мен алаяқтардың түрлі табыс көздері дәлел болып отыр. Жұмыс басты  ата-ана болса баласының қандай сайтқа кіріп отыр немесе не көріп отырғанына көп көңіл бөле бермейді.

Лунара МҰҚАНОВА,

студент