Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында күміс жүлде иеленді

/
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында күміс жүлде иеленді

Астаналық спортшы Виктория Мельникова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екінші күміс медальды салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

1500 метр қашықтыққа жүгірудің финалдық жарысында Мельникова 4:51.61 уақыт көрсеткішіне қол жеткізді. Ол жеңімпаз өзбекстандық Назима Рахимжоновадан небәрі 0,41 секунд қалып қойды. Қола медальді Шри-Ланка спортшысы Санипа Гимхани (4:52.32) иеленді. Ал тағы бір қазақстандық спортшы Агата Красаева мәреге жетінші болып келді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір төрт медаль бар. Бұған дейін триатлон жарысында Рамазан Айнегов күміс жүлдегер атанған болатын.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары