Павлодар облысындағы көмір кенішінде қайғылы оқиға болды

/
Павлодар облысындағы көмір кенішінде қайғылы оқиға болды

Жазатайым оқиға Баянауыл ауданындағы «Гамма Сарыкөл» көмір кенішінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, «Гамма Сарыкөл» ЖШС-нің тұйық жолына апаратын кірме теміржолда көмір тиелген жартылай вагон рельстен шығып кеткен.

–  Қалпына келтіру жұмыстары кезінде кранның тросы үзіліп, одан ұшып кеткен ілмек 1958 жылы туған тепловоз машинисін соғып, оның оқиға орнында қаза болуына себеп болған, – деді департаментте.

Оқиға туралы кәсіпорын ауызша хабарлама берген. Қазіргі уақытта еңбек инспекциясы тарапынан арнайы тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында жазатайым оқиғаның нақты себептері мен жағдайлары анықталатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары