Шавкат Рахмонов туған күнін атап өтті

/
Шавкат Рахмонов туған күнін атап өтті

23 қазанда қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың туған күні, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жекпе-жекшінің қарындасы, ММА спортшысы Сора Рахмонова ағасын әлеуметтік желіде құттықтады.

Шавкат Рахмонов — қазақстандық кәсіпқой аралас жекпе-жек шебері. Ол 1994 жылдың 23 қазанында дүниеге келген.

Отандасымыз соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 7 желтоқсанында өткізіп, Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген. Осылайша ол жеңіліссіз сериясын 19 жекпе-жекке дейін ұзартқан.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары