Жаңаөзенде мектеп оқушы қыздар арасында орын алған екі бірдей жанжалдан соң, ата-аналарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Qaz365.kz порталы жазды. Оқу-ағарту министрлігі ресми түсініктеме берді.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, қақтығыстар сабақ уақытынан тыс, кешкі мезгілде болған.
– Маңғыстау облысының білім басқармасы арнайы комиссия құрып, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Қазір Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы әкімшілік іс қозғаған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабына сай, оқушы қыздардың ата-аналарына қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылды, – деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар, бұл жағдай кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын Жаңаөзен қалалық комиссияның алдағы отырысында талқыланбақ.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде екі оқушы қыздың арасындағы жанжалдың видеосы тараған болатын.