Шамамен 70 миллион жыл бұрынғы мінсіз сақталған динозавр жұмыртқасы табылды

/
Шамамен 70 миллион жыл бұрынғы мінсіз сақталған динозавр жұмыртқасы табылды

Аргентина археологтары жасы шамамен 70 миллион жыл деп болжанған динозавр жұмыртқасын тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жөнінде Ladbible жазған.

Дереккөзге сәйкес, жұмыртқа түгел дерлік мінсіз күйде сақталған. Оның қабығы зақымданбаған. Аргентина палеонтологтары бұл ерекше олжаны 7 қазандағы тікелей эфир кезінде анықтаған. Сарапшылардың айтуынша, жұмыртқаның сыртқы түрі соншалық жақсы сақталған.

Ғалымдардың болжамынша, бұл жұмыртқа бор дәуірінің соңында өмір сүрген жыртқыш теропод — Bonapartenykus тұқымына тиесілі болуы мүмкін. Бұл жаңалықтың ғылыми қауымдастықты таңғалдырғаны да сондықтан.

Зерттеуші Гонсало Муньос National Geographic басылымына: «Бұл толық әрі абсолютті тосынсый болды. Мұндай күйде сақталған, әлеуетті жыртқыш динозаврдың жұмыртқасын табу — өте сирек кездесетін жағдай», — деп мәлімдеді.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары