28 Сәуір 2018, 15:43 806 0 Мақсаттың фото блогы Мақсат ҚҰСАЙЫНОВ

Армия құрамалары тактикалық шеберліктерін көрсетті

Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында армия құрамалары өздерінің тактикалық шеберліктерін және Қазақстан Республикасының соңғы үлгідегі әскери техникалары мен қару-жарақтарын «Мәтібұлақ» сынақ алаңында тәжірибелі іс жүзінде қолданылуын көрсетті. Жауынгерлік техника және бүгінгі күні сарбаздар сап түзеп қана қоймай, атыс шеберліктерін осы дайындықта көрсетті. Парадқа қатысқан жауынгерлердің барлығы психологиялық және саптық даярлық бойынша іріктелген ең үздіктер. Оған кандидаттар ерекше дайындықтан өткізілген әскерилер арасынан таңдалып алынды, ал әскери парад өткізілетін орында шеруге қатысқан бөлімдерді шоғырландыру жүзеге асырылады. Дайындық кезінде шеруге тұру тәртібі, шеруге қатысушылардың амандасу элементтері, туды алып шығу және жеке құрамдардың салтанатты жүріп өтуі пысықталады. Жауынгерлік парадқа қатысушылардың күнделікті жағдайларын қамтамасыз ету үшін барлық керек-жарақпен қамтылған далалық лагері ұйымдастырылған 2018 жылғы әскери шеруге 3000 әскери қызметшілер, 300 әскери техникалар мен құралдар және 30 бірлікте ұшу аппараттары қатысты.

Соңғы жаңалықтар