Астана, Алматы және Шымкент әкімдері мәслихат сайлауында дауыс берді

/
Астана, Алматы және Шымкент әкімдері мәслихат сайлауында дауыс берді
Фото: Астана әкімдігі

Бүгін, 29 қарашада, Қазақстанның барлық өңірінде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Саяси науқанға Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері де қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды turkystan.k.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек барлық сайлау учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол мәслихаттың қала тұрғындарының өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратынын айтты.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Satbayev University ғимаратында орналасқан №257 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол жергілікті басқару жүйесінде мәслихат депутаттарының рөлін күшейтудің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков те мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, дауыс берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары