Астанадағы Гран-при: Тамирлан Тілеулес ирандық қарсыласына есе жіберді

/
Астанадағы Гран-при: Тамирлан Тілеулес ирандық қарсыласына есе жіберді
ҰОК

Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалында алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Отандасымыз 58 келіге дейінгі салмақта 2025 жылғы әлем чемпионы, ирандық Аболфазл Зандимен күш сынасты.

Екі раундтың қорытындысы бойынша Иран өкілі 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос таеквондошы бұған дейін 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында кездескен болатын. Сол жекпе-жекте Тамирлан Тілеулес жеңіске жетіп, нәтижесінде Азия ойындарының чемпионы атанған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары