Қызылорда облысында 104 жастағы соғыс ардагері дауыс берді

/
Қызылорда облысында 104 жастағы соғыс ардагері дауыс берді
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі №155 сайлау учаскесіне келіп, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Ғасырдан асқан ғұмырында талай тарихи кезеңнің куәсі болған майдангер маңызды саяси науқанда азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.

"Бүгінгі сайлау - бірлігімізді танытатын шақ, ұрпағымыздың жарқын болашағы жолындағы маңызды қадам. Егемендігіміз мәңгі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!" – деп ақ батасын берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары