Бибігүл Төлегенова мәслихат сайлауында үйінде дауыс берді

/
Бибігүл Төлегенова мәслихат сайлауында үйінде дауыс берді
Видеодан скриншот

Қазақстанның халық әртісі, Алматы қаласының құрметті азаматы Бибігүл Төлегенова үйде дауыс беріп, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

№ 559 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері тасымалданатын дауыс беру жәшігімен әншінің үйіне барды. Олар Бибігүл Ахметқызына гүл шоғын табыстап, сайлауға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Орталық сайлау комитеті аты аңызға айналған әнші сайлауға әрдайым қатысатынын айтады. Әнші сайланған депутаттар тұрғындардың сенімін ақтап, қала игілігі үшін жемісті еңбек ететініне үміт білдірді.

Алматыда денсаулық жағдайына немесе науқас отбасы мүшесіне күтім жасауына байланысты сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмаған азаматтар үшін үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.

Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау туралы қосымша ақпаратты бірыңғай 109 нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00–ге дейін жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары