Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

/
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді
Фото: Алматы қ. әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, Satbayev University ғимаратында орналасқан №257 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті басқару жүйесіндегі мәслихат рөлін күшейтудің маңыздылығын атап өткенін еске салды. Әкімнің айтуынша, депутаттар тұрғындардың мүддесін қорғап, қала үшін маңызды мәселелерді шешуге атсалысады.

Алматыда депутаттық мандатқа 168 кандидат үміткер болып отыр. Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.

Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары