1351
Палуандар "Астана қыраны" атағына таласады
Палуандар "Астана қыраны" атағына таласады
Астанада 27-28 сәуір күндері "Қазақстан Барысы" турниріне іріктеу өтеді. Бірінші орынға ие болған палуан "Астана қыраны" атағын иеленеді. Бұл туралы деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде Қазақстан Республикасы президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне "Астана қыраны" іріктеу сайысы өтеді.
Турнирде бірінші орынға ие болған палуанға – "Астана қыраны" атағы беріліп, "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне жолдама алады.
27 сәуір, сағат 17:00-18:00 аралығында қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Жарыс 28 сәуір күні сағат 10:00-де басталып, 10:00-14:00 аралығында (55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 кг) салмақтағы спортшылармыз белдесетін болады.
Ашылу салтанатынан кейін (90 кг) салмақ дәрежесінен жоғары түйе палуандар сайысы сағат 15:00-19:00-ге дейін өтеді. Түйе палуандар сайысына 25-ке жуық спортшы қатысады.