ФРАДКОВТЫҢ ҰПАЙЫ ТYГЕЛ

ФРАДКОВТЫҢ ҰПАЙЫ ТYГЕЛ

ФРАДКОВТЫҢ ҰПАЙЫ ТYГЕЛ
ашық дереккөзі
490

Ал Астана өз мүддесiн ұмытқан жоқ па?

Астанаға Ресей үкiмет басшысы Михаил Фрадков келдi. Жәй келген жоқ, мұнай-газ тасымалы, энергетика, ғарыш саласындағы бiрқатар мәселелердiң басын қайыра келдi. Мамыр айында Ресей президентi Владимир Путин келедi деп жоспарланып отыр. Фрадков келiсiнiң ресми негiздемесi – осы сапардың жай-жапсарын дайындау делiндi.

Мәскеу осы жолы өзгелерде кеткен есесiн түгендеуге алаңдаулы болды. Мұның дәлелi – Ресей газеттерi «Назарбаев Фрадковтың көңiлiн қалдырған жоқ» деп сүйiншi сұрап жазып жатыр. Бұл оқиға республика ақпарат құралдарының да басты назарында. 2 сәуiрдегi ақпарат құралдарындағы жаңалықтың 28 пайызы Фрадковтың Астанаға сапарына қатысты болған.

Қысқа қайырғанда, қазақ мұнайының тасымалы жылына тағы он миллион тоннаға артатын болды.

Әуелi Астанаға Польша президентi Лех Качиньский келдi. Ол қазақ мұнайының бiр тамшысын қалдырмай Ресейдi айналып, Еуропаға тiкелей тасымалдау жөнiнде ұсыныс айта келдi. Качиньский мұнайды 2011 жылға дейiн Одесса-Броды құбыры арқылы Польшаға жеткiзуге мүдделi. Бұл үшiн Польша құбырды Полоцск пен Гданьск қалаларына дейiн созу туралы Украинамен келiсiп жатыр.

Ал Назарбаев бұл ұсынысқа қарсы емес екендiгiн айтып, бiрақ келiсiм-шартқа Кремльдi де тарту қажеттiгiн айтты.

Поляктар Астананы өз ыңғайына илiктiрер ме едi, кiм бiлсiн, осы кезде елордаға Михаил Фрадков келе қалды. Бұл «кездейсоқтық» Ресейдiң оң жамбасынан келiп тұр. Өйткенi, ресейлiк делегациямен келiссөз басталар-басталмастан-ақ бiздiң шенеунiктер қазақ мұнайының тасымалын жылына 20-25 млн. тоннаға дейiн арттыру туралы ұсыныс тастап үлгердi.

Протокол бойынша Фрадков Назарбаевтың қабылдауында 30 минут болу керек едi. Бiрақ екеуi бiр сағаттан астам сөйлескен.

Назарбаевтың поляк ұсынысын алға тарта отырып, Кремльмен саудаласқысы келгенi де байқалады. Өйткенi, мұнай тасымалын арттыру деген сөз, бәрiбiр қосымша құбыр көзiн iздеу деген сөз. Қазақстан мұнайды Каспий құбыр концорциумы арқылы тасымалдауды көздеп отыр. Мәскеу бұл жоспардың жүзеге асуын Бургас-Александруполис мұнай құбырының құрылысын салумен байланыстырғысы келедi. «Қазақ-поляк келiссөздерiне орыстарды тарту» осылай жүзеге асты.

Әзiрге қазақ мұнайының тасымал көлемi өзгерiссiз қалды. Екi ел үкiмет басшылары алдағы бес жылда мұнайын Атырау-Самара құбыры арқылы жылына 15 млн. тонна мұнай тасымалданады деп келiстi.

Фрадков сәуiрдiң орта шенiнде Астанаға тағы келмек. Қазiр Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар алмасу көлемi 13 млрд. долларға жеттi. ТМД елдерiнiң iшiнде Ресейге етене жақыны Қазақстан болып тұр. Кремльдiң Астананы айрықша iшке тартуы да содан ба деймiз.

Ресей делегациясы бұл жолы атом электр станциясын салу туралы келiсiмге қол қойып үлгердi. Росатом басшысы Сергей Кириенконiң айтуынша, Ресей Қазақстанмен бiрлесiп АЭС салуды жоспарлап отыр.

АЭС Ақтау қаласында салынуы мүмкiн. Қазақстан мен Ресей атом саласында әрiптес. Қазақстанда АЭС салу туралы әңгiме 1998 жылдан берi айтылып келедi. Шын мәнiнде, бұған дейiн Балқашта АЭС салу жоспары Қазақстан экологтары тарапынан қатты сынға ұшыраған болатын. Бұл жерде АЭС салуға онда жетпiсiншi жылдардан қалған инфрақұрылым мен кадрлық құрам негiз болуы мүмкiн. Қазақстан энергетика және минералды қорлар министрi Бақтықожа Iзмұхамедов «қазiр мамандарымыз Ақтауда ресейлiк және еуропалық реакторлардың АЭС құрылысын салу мүмкiндiгiн зерттеп жатыр» дедi. Тағы бiр сөзiнде «министрлiк әлi АЭС салу жөнiнде, салынған күнде оның қай жерде болатыны жөнiнде әлi бiр шешiмге келген жоқ» дедi. Ал Ақтауда АЭС салған күнде одан алынған қуат Маңғыстау облысының қажеттiлiгiне немесе көршi облыстарға, мысалы, Батыс Қазақстан облысына берiлетiнiн атап көрсеттi.

Ендi Балқашта Жылу электр станциясын салу iсi жоспарда тұр.

Сонымен, «Қазатомпром» президентi Мұхтар Жәкiшевтiң 2014-2015 жылдары Қазақстанда АЭС салынуы мүмкiн деген сөздерi расқа шыққалы тұр.

Фрадков Астанадан елiне ырза болып аттанды. «Мәңгi дос» көршi елдiң көңiлiн аулаймыз деп жүрiп, өз елiмiздiң мүддесiн ұмытпасақ болғаны.

Гүлбиғаш Омарова

Серіктес жаңалықтары