Қазақстандық әнші Біржан Хасанғалиев әлеуметтік желіде әкесі, белгілі композитор әрі әнші Ескендір Хасанғалиевті еске алып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі бес жыл өтсе де, әкесінің орны жүрегінде ерекше екенін айтып, оқырмандарына терең мағыналы өлең жолдарын ұсынды.
"Тура 5 жыл өтіпті.
Уақыт өтеді,
Ай, күн қалады.
Бақыт кетеді,
Қайғым қалады.
Адам өледі,
Ажал қалады.
Мəңгі тіршілік
Мазамды алады...", – деп бөлісті ол.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына қолдау білдіріп, Ескендір Хасанғалиевтің қазақ өнеріндегі орны айрықша екенін атап өтіп, жылы пікірлерін жаудырды.
Бұған дейін Ескендір Хасанғалиевтің жұбайы Дарико Хасанғалиева апамыз сұхбатында таңқаларлық оқиғасын айтып берген еді.