60 мың бөлшектен тұрады: АҚШ тұрғыны әлемдегі ең үлкен пазлды құрастырып шықты

/
60 мың бөлшектен тұрады: АҚШ тұрғыны әлемдегі ең үлкен пазлды құрастырып шықты
сурет: KRDO

АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласының тұрғыны Лу Салас әлемдегі ең ірі пазлдардың бірін құрастырып шықты. Dowdle компаниясы шығарған 60 мың бөлшектен тұратын басқатырғышты ол 4 жыл бойы құрастырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ер адамның айтуынша, әлем картасы бейнеленген бұл пазлды құрастыруға шамамен 800–1 000 сағат кеткен. Онда жеті құрлық пен әлемнің әйгілі көрікті жерлері көрсетілген.

Жобаны жүзеге асыру үшін оның достары гаражға арнайы көбік материалынан жасалған үстел орнатып, оны төбеге іліп қойған. Бұл тәсіл пазлдың 60 бөлек бөлігін (әрқайсысы 1 000 бөлшектен) жүйелі түрде орналастыруға мүмкіндік берген.

Жинақтау барысында күтпеген қиындық та туындаған, бір бөлшек жетіспей қалған. Салас бұл жағдайға қатты алаңдап, тіпті бір түн ұйықтай алмаған. Кейін өндіруші компания жетіспейтін бөлікті жіберіп, ол жұмысты бір демалыс күнінде 9 сағат үздіксіз еңбектеніп аяқтаған.

Айта кетейік, бұл ұзақ процессте оған сегіз жастағы немересі де көмектескен.

«Мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ақшамен де бағалай алмайсың. Бұл менің өмірімнің бір бөлігіне айналды, енді сағынамын», – дейді Лу Салас.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар