Елімізде ең үлкен күн электр стансасын іске қосады

Елімізде ең үлкен күн электр стансасын іске қосады

Елімізде ең үлкен күн электр стансасын іске қосады
ашық дереккөзі
Бүгін Астандағы тұрақты энергетика жөніндегі VIII Халықаралық форумы мен осы мәселеге арналған министрлердің кезекті конференциясы барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ерлан Батырбеков пен ITER ұйымы бас директоры Бернард Биго арасында ынтымақтастық туралы келісімге қойды. Сонымен қатар «Бурное Солар» күн электр стансасын ұлғайту жобасын қолдау және ынтымақтастық туралы келісім бекітілді. Қол қою рәсіміне ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Еуропалық қайта құру және даму банкінің энергетика мен табиғи ресурстар жөніндегі басқарушы директоры Нандита Паршад, United Green Energy Limited компаниясының директоры Альбрехт Фришеншлагер қатысты. Аталған құжат аясында күн электр станциясының қуаттылығын қазіргі таңдағы 50 МВт-тан 100 МВт-қа дейін жеткізіледі. Бұдан бөлек, «Бурное Солар» жобасы бойынша несиелік келісім бекітілді. «Бүгін маңызды құжатқа қол ойдық. Атап айтқанда, ол жоба еліміздегі ірі күн электр стансасы. Қазіргі кезде оның қуаттылығы 50 МВт екенін білесіздер, ал 2018 жылы оны екі есеге арттыру көзделіп отыр. Осы орайда посткеңестік кеңістікте ең ірі электр стансасы болмақ. Осы келісім - United Green Energy компаниясы, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Қазақстан Үкіметі ынтымақтастығының жарқын үлгісі», - деді Бозымбаев. Жуалы ауданында салынған қуаттылығы 50 МВт құрайтын күн электр стансасы 2015 жылы 2 шілдеде Елбасының қатысуымен Индустрияландыру күні аясында іске қосылған.