Әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы Геолог ықшам ауданында екі жасөспірім бір тәулікте суицид жасағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады.
2 шілде күні 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған. Ал 3 шілдеде, 15 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Алдын-ала дерек бойынша, екі жасөспірім де асылып қалған.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2009 және 2010 жылы туған екі жасөспірімнің суицид фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген.
«Кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде, куәгерлерден жауап алынып жатыр, кәмелетке толмағандардың айналасы зерттелуде. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасуда», – деп хабарлады ведомство.