Ақтау қалалық сотының үкімімен «Ббас бостандығынан заңсыз айыру» және «Адамды қанау» баптары бойынша ауыр қылмыс жасаған үш тұлға сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың наурызына дейінгі кезеңде сотталғандар Ақтау қаласында мүгедектігі бар екі адамды күштеп ұстап, оларды пайда табу мақсатында пайдаланып, қоғамдық орындарда қайыр сұрауға мәжбүрлеген.
Аяғы жоқ екі жәбірленушіні Қарағанды қаласынан алдап алып, әуелі Семей қаласында қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Кейін Ақтау қаласына әкеліп, жергілікті базарларда пайдаланған. Ал тапқан ақшаларын өздеріне алып тұрған.
Осы уақыт бойы жәбірленушілер қашуға әрекеттенгені үшін, қорқытуға, психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған.
Тек 2024 жылдың наурыз айында олардың бірі полицияға хабарласа алды, бұл қылмыстық схеманы ашуға мүмкіндік берді.
Сотталушы ретінде 50 жастағы әйел мен оның екі ұлы тартылғанын айта кету керек.
«Отбасылық бизнестің» үш қатысушысы да 7 жылға бас бостандығынан айырылды.