«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі түлектерінің «Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» бітіруші түлектерге арналған диплом табыстау салтанатты жиыны өтті.
Жиынға колледж оқытушы қызметкерлері, Түркістан облысы білім басқармасының қызметкерлері, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, колледждің әлеуметтік әріптестері және түлектердің ата-аналары, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ардагер ұстаздар қатысты.
Жиынды алғаш құттықтау сөзімен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызы ашып берді және Жанар Амангелдіқызы колледждің 2 түлегіне университетте тегін оқу грантын ұсынды. Алғашқы грант иегері колледжіміздің бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының үздік түлегі, Сабырбекұлы Асанға табысталды және дәл осындай грант сертификаты колледждің дене тәрбиесі және спорт мамандығының түлегі, Парадзюдадан Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республиксы Кубогының жеңімпазы, Парадзюдадан әлем чемпионатының қатысушысы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Махамматова Анора Джахангирқызына табысталды.
Сонымен қатар, жиын барысында колледждің әлеуметтік әріптестері және Түркістан облысы білім басқармасының қызметкерлері колледж түлектерін ыстық ықыластарын білдіріп, құттықтау лебіздерін жеткізді. Колледждің әлеуметтік әріптестері колледж түлектерінің білікті мамандар екенін атап өтіп, колледж түлектерін жұмыспен қамту сертификаттарын табстайтындықтарын жеткізді. Атап айтар болсақ, «AzMur и К» ЖШС 4 түлекке, Rixos Turkistan қонақ үйі 7 түлекке, «1465» қазақ мейрамханасы 2 түлекке, Түркістан облыстық ветеринария басқармасы 3 түлекке, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы 1 түлекке, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы 1 түлекке, «Sandyq» мейрамханасы 2 түлекке жұмыспен қамту сертификаттарын ұсынды.
2024-2025 оқу жылында колледжі бітірген 357 түлекке дипломдар табысталып, болашақтағы өмірлері тек сәттілікке толы болсын деп тілек білдірді.