Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының финалына шыға алмады, деп хабарлады turkystan.kz.
Жерлесіміз 90 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Түркия өкілі Эмра Яшарға қарсы айқасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен түркиялық Эмра Яшар финалға өтті.
Осылайша, Сағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдегері атанды.