Астанада жастарға арналған «Jastar Energy» Open Air концерті өтеді

/
Астанада жастарға арналған «Jastar Energy» Open Air концерті өтеді
Астана әкімдігі

Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында 6 шілде күні «Jastar Energy» атты ашық аспан астындағы жастар концерті өтеді.

Іс-шара Астана қаласы күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында ұйымдастырылады. Концерттің мақсаты – жастар шығармашылығын қолдау, мәдени белсенділікті арттыру және заманауи өнерді насихаттау.

Мерекелік концертте танымал орындаушылар мен жас әртістердің қатысуымен музыкалық қойылымдар ұсынылады. Кеш барысында мәдени интерактивтер мен көрерменмен тікелей байланыс ұйымдастырылады.

Концертке қазақстандық жарық жұлдыздар қатысады: Мирас Жүгүнісов, Артур Давлетьяров (Artur), Ерлан Қанатұлы, Madistation, Jazzdauren, Сейфуллин Жолбарыс, Зарина Омарова, Айгүл Иманбаева, Ғаділбек Жанай, DOS, Досымжан Таңатаров, Нұрлан мен Мұрат, Зарина Божакова, Евгений Абу-Зейд.

Іс-шара 19:00-де басталады. Кіру тегін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары