Жеткіншекті талаған иттердің иесі бейнебақылауға түскен кадрларды көрсетті

/
Жеткіншекті талаған иттердің иесі бейнебақылауға түскен кадрларды көрсетті

Алматы облысында баланы талаған иттердің иесі оқиғаға қатысты бейнебақылау жазбаларын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan телеарнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Алмаз Халиевтің өзі басқаратын оңалту орталығының ауласында бес ит ұстаған.

Оның сөзіне қарағанда, балалар орталық аумағына қоршаудан секіріп кіріп, тыныш жатқан иттерді өздері ызаландырған. Алайда ит иесі жариялаған видеоларда балалардың нақты не істегені айқын көрінбейді.

Айта кетейік, бұл жағдай 1 шілде күні Жалпақсай ауылында болған. Азулы иттер балаларға шабуылдап, 10 жастағы бір баланы ауыр жарақаттаған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары