Римдегі жарылыс: Сегіз полиция қызметкері жараланды

/
Римдегі жарылыс: Сегіз полиция қызметкері жараланды

Римдегі жанармай құю бекетінде қуатты жарылыс болды. Салдарынан он адам зардап шекті. Олардың сегізі – полиция қызметкерлері, деп хабарлады turkystan.kz.

Жарылыстан кейін оқиға орнында үлкен өрт шықты, оны ауыздықтау біраз уақытқа созылды. Оқиғаның себептері әзірге белгісіз, мамандар барлық мән-жайларды анықтап жатыр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен жедел қызмет өкілдері жұмысын жалғастыруда.

Roma Today жергілікті порталының мәліметінше, кем дегенде 20 адам жарақат алған, ал төтенше жағдайдың алдында құбырға жүк көлігі соғылған.

Сондай-ақ, қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы метро станциясы уақытша жабылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары