Денсаулығы сыр берген Пугачеваға күрделі ота жасалды

Денсаулығы сыр берген Пугачеваға күрделі ота жасалды

Денсаулығы сыр берген Пугачеваға күрделі ота жасалды
ашық дереккөзі

Атақты ресейлік әнші Алла Пугачеваға Мәскеу қаласында күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Әншіге ота Мәскеудің ғылыми-зерттеу институттарының бірінде жасалған. Артерияны кеңейту отасынан кейін оның қан айналымы қалыпты жағдайға түсуі тиіс көрінеді.

68 жастағы әнші дәрігерлерге 26 мамырдан бастап қаралған. Толық тексеруден өткеннен кейін оған ота жасау туралы шешім шығарылған көрінеді. Тиісті ем-дом қабылдағаннан кейін ол 30 мамырда ауруханадан шықты. Қазір денсаулығы жақсы. Айта кетейік, Алла Пугачеваға мұндай ота үшінші рет жасалып отыр. Артерияны кеңейту отасы оған бұрын 2008 және 2010 жылдары жасалған екен.