UFC чемпиондарын жаттықтырған белгілі бапкер көз жұмды

/
UFC чемпиондарын жаттықтырған белгілі бапкер көз жұмды
әлеуметтік желіден

UFC чемпиондарын жаттықтырған белгілі бапкер Эдди Ча 53 жасында кенеттен дүниеден өтті. Оның қазасы туралы ақпаратты UFC ұйымы растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оңтүстік Кореяда дүниеге келген америкалық маман аралас жекпе-жек спортындағы соққы техникасының үздік бапкерлерінің бірі саналған. Эдди Ча ұзақ жылдар бойы АҚШ-тың Аризона штатындағы Глендейл қаласында орналасқан Fight Ready MMA клубында жұмыс істеді. Ол әлемге танымал бірнеше спортшының чемпиондық атаққа жетуіне көмектескен.

Эдди Чаның бапкерлік мансабындағы ең үлкен жетістіктердің бірі – Генри Сехудомен жұмысы. Еркін күрестен Олимпиада чемпионы атанған Сехудо кейін аралас жекпе-жекке ауысып, UFC ұйымында екі салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуді жеңіп алды.

Оның соққы техникасын жетілдіруге Эдди Ча айтарлықтай үлес қосқан. Бұдан бөлек, белгілі маман Джон Джонс, Чжан Вэйли, Дейвесон Фигейреду, Маккензи Дерн және Бенсон Хендерсон секілді танымал спортшылармен жұмыс істеген.

Сондай-ақ ол "Корей зомбиі" лақап атымен танылған Чан Сон Джунның бапкерлерінің бірі болды. Эдди Ча кореялық спортшының UFC рейтингінде жоғары көтерілуіне және чемпиондық жекпе-жектерге дайындалуына көмектесті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары