Белгілі бапкер Борис Дягилев өмірден өтті

/
Белгілі бапкер Борис Дягилев өмірден өтті

Жеңіл атлетика ардагері, елімізге танымал бапкер Борис Андреевич Дягилев дүниеден озды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Суыт хабарды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мәлім етті.

Борис Андреевич 1946 жылғы 15 қыркүйекте дүниеге келген. Бүкіл ғұмырын жеңіл атлетиканы дамытуға, спортшыларды даярлауға және жас ұрпақты тәрбиелеуге арнады. Көп жылғы жаттықтырушылық қызметінде 12 спорт шеберін, 22 спорт шеберлігіне үміткер және 63 бірінші разрядты спортшы даярлады.

Борис Андреевичтің спорт саласына сіңірген еңбегі мен жарқын бейнесі әрдайым ел есінде сақталады. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары