Қостанай облысында ауыл әкімі қайтыс болды

/
Қостанай облысында ауыл әкімі қайтыс болды

Қостанай облысында Сарыкөл кентінің әкімі Сергей Горшенин 54 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды Сарыкөл ауданының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сарыкөл кенті әкімдігінің ұжымы Facebook желісіндегі ресми парақшасында марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Сергей Витальевичтің өмірден өтуі – оны таныған және онымен бірге қызмет еткен жандар үшін орны толмас қаза. Ол саналы ғұмырының көп жылын халыққа қызмет етуге, адал еңбек етуге және туған кентін дамытуға арнады.

Сергей Витальевич біздің жадымызда жауапкершілігі жоғары басшы, әріптестеріне жанашыр азамат және өзіне жүктелген міндеттерді бар ынтасымен атқарған тұлға ретінде мәңгі сақталады», – делінген хабарламада.

Әкімдік қызметкерлері марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Сарыкөл кенті әкімі аппаратының мәліметінше, Сергей Горшенин 1971 жылғы 17 желтоқсанда дүниеге келген. Ол 2019 жылғы 26 тамыздан бастап Сарыкөл кентінің әкімі қызметін атқарған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары