Геннадий Головкин Михаил Шайдоровты ҰОК орденімен марапаттады

/
Геннадий Головкин Михаил Шайдоровты ҰОК орденімен марапаттады
Оlympic.kz

Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға марапаттар табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ең жоғары марапаты – ҰОК орденімен 2026 жылы ел тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров марапатталды.

Данияр Қасқарауов «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды.

Ауыр атлетикадан ұлттық құрама өкілдері Александр Уваров пен Алексей Чуркин, сондай-ақ таеквондодан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы Тамирлан Тілеулес II дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды.

Таеквондодан жастар арасында әлем чемпионы Айым Серікбаева Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Таеквондо федерациясының бас хатшысы Арал Садықов «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды.

Шымкент қаласының Таеквондо федерациясының президенті Олжасхан Уәлихан мен Түркістан облыстық Таеквондо федерациясының президенті Елдос Ахметов II дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары