Теннисші Жәния Бекмұхамбетова Мажарстандағы турнирдің қола жүлдегері атанды

/
Теннисші Жәния Бекмұхамбетова Мажарстандағы турнирдің қола жүлдегері атанды
Оlympic.kz

Мажарстанның Сомбатхей қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

U15 жас санатында қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды.

Жәния жарыс барысында Мажарстан, Молдова, Польша және Румыния спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шықты. Алайда шешуші кезеңге жолдама беретін кездесуде Қатар өкіліне есе жіберіп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар