Қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 827,8 мың тонна өсімдік майы өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2%-ға артық. Өткен жылдың осы кезеңінде 661,0 мың тонна өнім өндірілген. Осылайша, өндіріс көлемі 166,8 мың тоннаға өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өсімдік майының негізгі өндіріс көлемі Шығыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларына тиесілі.
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында өсімдік майының экспорты 704,7 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,7%-ға артық. Экспорттың оң динамикасы байқалды.
Осы кезеңде өсімдік майының импорты 128,3 мың тоннаны құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға азайды.
Ал ішкі нарықта 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында 176,9 мың тонна өсімдік майы сатылды.