Панамадағы жер сілкінісінен 6 мыңнан астам адам зардап шекті

/
Панамадағы жер сілкінісінен 6 мыңнан астам адам зардап шекті
видеодан скриншот

Панамада болған жер сілкінісінен 6 мыңнан астам адам зардап шеккен. Адам өлімі тіркелмеген. Бұл туралы республика президенті Хосе Рауль Мулино халыққа үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

— Қазіргі уақытта 1 744 үй тексерілді, 6 174 адам зардап шекті. Тексеру жұмыстары жалғасқан сайын бұл көрсеткіш жаңартылып отырады, — деді мемлекет басшысы.

Мулино жер асты дүмпулерінің жойқын күші жоғары болғанын атап өтіп, мамандар залалдың ауқымын әлі де бағалап жатқанын жеткізді. Үкімет қазірдің өзінде азық-түлік пен ауызсуды жеткізуді, жолдар мен көпірлерді қалпына келтіруді, сондай-ақ электр қуатымен қамтамасыз етуді қолға алған.

— Көмек пен қажетті шешімдер ең мұқтаж адамдарға жетуі үшін қажетті ресурстарды аяп қалмаймын, — деді президент.

Оның айтуынша, билік тұрғын үйлерді жөндеуге қажетті материалдарды жеткізіп, Ұлттық полиция мамандары әзірлеген жобалар бойынша екі және үш бөлмелі жаңа үйлер салу үшін жергілікті мердігерлерді тартпақ.

Жер сілкінісі Панаманың оңтүстігінде жұма күні болған магнитудасы 7,7 және 6,6 болатын екі күшті жер асты дүмпуінен бірнеше күн өткен соң тіркелді. Сол кезде эпицентрге жақын орналасқан ғимараттар қирап, елдің әртүрлі аймақтарында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілген. Негізгі дүмпулерден кейін бірнеше афтершок, яғни қайталама жер сілкінісі де болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары