Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысты күдікті әйел ұсталды (ВИДЕО)

/
Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысты күдікті әйел ұсталды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Алматының Бостандық ауданында бес адамның өмірін қиған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қасақана өрт қойды деген күдікпен 37 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның мәйіті табылған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, күдіктінің қозғалыс бағытын анықтаған.

Сондай-ақ оқиғаның қалай болғанын қалпына келтірген.
Тергеу нұсқасы бойынша, өрт жеке бас араздығы салдарынан қасақана қойылған.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Қазір аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары