Боксшы Өнер Сейілхан әлем кубогінің жартылай финалына жолдама алды

/
Боксшы Өнер Сейілхан әлем кубогінің жартылай финалына жолдама алды
ҰОК

Қазақстандық боксшы Өнер Сейілхан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде жартылай финалға шықты.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековтен басым түсті.

Осылайша, Өнер Сейілхан кем дегенде қола жүлдені қанжығасына байлады.

Айта кетейік, бұған дейін Карина Ибрагимова да (57 келіге дейін) жартылай финалға жолдама алған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары