Астанада жүк көлігі өртенді

/
Астанада жүк көлігі өртенді
Видеодан скриншот

Бүгін Астанада Байтұрсынов көшесіндегі Сарайшық ауданында "ГАЗель" жүк көлігі өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, өрт сөндірушілер келген кезде көліктің мотор бөлігі мен салоны ашық жалынмен жанып жатты.

ТЖМ қызметкерлері өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ өкілдері көлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары