Қазақстандық боксшы Шұғыла Нәлібай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңіндегі өнерін аяқтады.
Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Елена Гапышинамен (Ресей) өзара мықтыны анықтады.
Ресейлік боксшы екінші раундта айқын басымдық танытып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Даниял Сәбит (50 келі) жарыс жолын аяқтаған болатын.