Үндістанда жолаушының пауэрбанкі өртеніп, ұшақ шұғыл қонды

/
Үндістанда жолаушының пауэрбанкі өртеніп, ұшақ шұғыл қонды
видеодан скриншот

Үндістанда IndiGo әуекомпаниясының Делиден Ченнайға бағыт алған ұшағы борттағы пауэрбанктің өртенуіне байланысты Хайдарабадқа шұғыл қонды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 11 қазанда 6E 6115 рейсі кезінде болған. Әуекомпанияның мәліметінше, ұшу барысында жолаушылардың біріне тиесілі портативті қуаттағыштан өрт шыққан.

Бортсеріктер жалынды дер кезінде сөндірген. Осыдан кейін ұшқыштар қауіпсіздік мақсатында бағытты өзгертіп, ұшақты Хайдарабадтағы Раджив Ганди атындағы халықаралық әуежайға қондыру туралы шешім қабылдаған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Франкфурттан Лиссабонға бағыт алған Lufthansa ұшағында да пауэрбанк өртенген еді. Сол кезде ұшақ Францияның Лион қаласына шұғыл қонған. Борттағы 198 жолаушы мен экипаж мүшелері зардап шекпеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар