«Ауруханаға жетуге уақыт болмады: Қызылорда облысында әйел жедел жәрдем көлігінде босанды

/
«Ауруханаға жетуге уақыт болмады: Қызылорда облысында әйел жедел жәрдем көлігінде босанды
Әлеуметтік желіден

Қызылорда облысында жедел жәрдем қызметінің фельдшерлері жүкті әйелді ауруханаға жеткізіп үлгермей, сәбиді көлік ішінде босандырып алды. Ана мен баланың жағдайы жақсы, екеуі де аман-есен, деп хабарлайды жедел жәрдем бөлімінің баспасөз қызметі.

Оқиға 25 қарашада Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде болған.
Шақыртуға жедел жеткен фельдшерлер Кәмшат Оразғалиева мен Сәрсенбай Өмірбек босануы басталған әйелге шұғыл медициналық көмек көрсеткен.

Медицина мамандарының кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында нәресте жедел жәрдем көлігінің ішінде дүниеге келді. Нәтижесінде ана мен баланың өміріне қауіп төнбей, екеуі де аман қалған.

Айта кетейік, бұл аталған фельдшерлер бригадасының жедел жәрдем көлігінде босандыруды қабылдаған алғашқы жағдайы емес. Мамандар бұған дейін де осындай жауапты сәттерде кәсіби біліктіліктерін көрсеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар