Шуда ер адам ұрып-соққан әйел қайтыс болды

/
Шуда ер адам ұрып-соққан әйел қайтыс болды
istockphoto

Жамбыл облысында Шу аудандық орталық аурухананың қабылдау бөліміне ауыр халде түскен көпбалалы ана Гүлнәр Мазабекова көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Sputnik Қазақстан тілшісіне марқұм әйелдің туыстары сұхбат берген болатын. Олардың айтуынша, әйелді онымен 10 жыл бойы бірге тұрған ер адам ұрып-соққан.

"Науқас медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болды. Клиникалық көрсетілімдерге сәйкес емдеу және қарқынды терапия толық көлемде жүргізілді. Науқастың жағдайы өте ауыр күйде болды. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан науқас қайтыс болды", - деп хабарлайды Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар